Атырау облысының жергілікті әскери басқармасында биыл 17 жасқа толатын ер азаматтарды алғашқы әскери есепке алу басталды. Науқан барысында биылғы жылы 4 мыңға жуық жас жігіттер тіркеу куәлігін алатын болады.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Іс-шара жастарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау, білім деңгейін, мамандығы мен дене дайындығын зерделеу үшін қажет.
Тіркеу науқаны Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес қаңтардан наурызға дейін өтеді. Осы уақыт ішінде бозбалалар әскери қызметке жарамдылығын растайтын медициналық тексерістен өтіп, оларға қатысты қажетті құжаттар тексерілетін болады.
Егер әскери есепке алушының денсаулығы бойынша күдіктер мен сырқаттар анықталса, ол емдеу-профилактикалық орындарына жіберіледі.
Бозбалалар шақыру пункттеріне оқу орындарының алғашқы әскери дайындық мұғалімдерінің сүйемелдеуімен келеді.
Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін есепке алу пунктіне тіркеу туралы куәлік беріледі.
Қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің хабарлауынша, 2004 жылы туған жас жігіттер кезекпен шақырылып жатыр. Тіркеу процедурасы міндетті болып табылады, сондықтан ата-аналар бұған түсіністікпен және жауапкершілікпен қарауы керек.
«Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде әскери есепке тұруға бірінші рет келген азаматтармен Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің мүмкіндіктері туралы ақпарат түсіндіріледі. Барлығы Атырау облысы бойынша 4 мыңға жуық адамды әскери есепке тіркеу жоспарланып отыр»
— деді қорғаныс істері жөніндегі бірлескен басқарама бастығының орынбасары — жұмылдыру бөлімінің бастығы майор Берік Жанысбеков.
Облыстың барлық жергілікті әскери әкімшіліктерінде есепке алу науқаны наурыз айында аяқталады, ал балалары тіркеуден және медициналық тексеруден өтпеген ата-аналар тұрғылықты жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөлімге немесе басқармаға хабарласуы керек.
________________________________________________________________
В местных органах военного управления Атырауской области стартовала первичная постановка на воинский учет граждан мужского пола, кому в этом году исполняется 17 лет. Всего в 2021 году в регионе удостоверение о приписке получат около пяти тысяч юношей, сообщает IaNews.kz со ссылкой на Пресс-службу РгК Запад МО РК.
Приписка граждан к призывным участкам проводится местными исполнительными органами совместно с местными органами военного управления. Она необходима для постановки на воинский учет молодых людей, определения их количества, степени годности к воинской службе, установления уровня образования, специальности и физической подготовленности.
Приписная кампания пройдет с января по март в соответствии с Законом РК «О воинской службе и статусе военнослужащих». За это время юноши пройдут медицинское обследование, подтверждающее пригодность к воинской службе, и проверку необходимых документов.
В случае выявления у призывника какого-то заболевания, его прикрепляют к лечебно-профилактической организации.
Молодые люди прибывают на призывные участки в сопровождении преподавателей начальной военной подготовки образовательных учреждений.
По окончанию всех процедур выдается удостоверение о приписке к призывному участку.
Как сообщили в городском отделе по делам обороны, в порядке очереди вызывают юношей 2004 года рождения. Процедура приписки является обязательной, поэтому родителям нужно отнестись к этому с пониманием и ответственностью.
«С гражданами, впервые вставшими на воинский учет, в управлениях, отделах по делам обороны проводится информационная работа по поступлению в военные учебные заведения Министерства обороны и разъясняются перспективы воинской службы по контракту. Всего по Атырауской области планируется поставить на учет около 5 тысяч человек»
– рассказал заместитель начальника объединенного Управления по делам обороны – начальник мобилизационного отдела майор Берик Жанысбеков.
Приписная кампания во всех местных органах военного управления области завершится в марте, а родителям, чьи дети не прошли приписку и медицинский осмотр, необходимо будет обратиться в управление или отдел по делам обороны по месту жительства.