Виндикациялық талап-бұл меншік құқығын қорғаудың тәсілі, оның көмегімен меншік иесі өз мүлкін басқа біреудің заңсыз иелігінен алуға болады, бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-АК) 260- бабында көзделген. АК-нің 265- бабына сәйкес мүлікті басқа біреудің заңсыз иелігінен қайтарып алу құқығыда, ол меншік иесі болмаса да, бірақ меншік құқығы негізінде мүлікке иелік етеді, басқару, жедел басқару, тұрақты жер пайдалану немесе заңнамалық актілерінде немесе келісімде көзделген басқа негізде де талапкерге тиесілі.Бұл адам өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқылы.Сонымен қатар виндикация кезінде жеке анықталған зат басқа біреудің заңсыз иелігінде жоқ болса, немесе талап етілген мүлік жарамсыз болып табылса, виндициялық талап қанағаттандыруысыз қалдырылады.
Мүліктің жеке тұлғаға тиесілі екендігін немесе басқа жолмен заңды түрде тиесілі екендігін дәлелдеу ауыртпалығы талапкерге жүктеледі әйтпесе виндикациялық талап қанағаттандырусыз қалдырылуы мүмкін, сонымен қатар мүлік жоғалған жағдайда меншік иесі өзінің мүлкін ғана емес, мүдделерін де, атап айтқанда зиян келтіру немесе талап етуді негізсіз баюдан қорғау арқылы, барлық мән-жайларды, мүліктің нақты құнын анықтай отырып қорғауға құқылы.
Мүлікті келісім шарт бойынша иесінің иелігінен шығару, ол кейіннен тоқтатылған болса да, бұл мүлікті өз қалауы бойынша иеліктен шығару болып табылады және аталған мүлікті кейіннен адал сатып алушыдан қайтарып алу мүмкін еместігіне алып келеді.
«Мәмілелердің жарамсыздығының кейбір мәселелері және соттардың олардың жарамсыздығының салдарырын қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 07.07.2016 жылғы № 6 Нормативтік Қаулысының (бұдан әрі-НҚ) 9- тармағында мүлікті бөтеннің мүлкінен өндіріп алу туралы АК-нің 260- бабына сәйкес заңсыз иелену кейбір жағдайларда мәміленің болмауыңа байланысты жарамсыз деп танылмай-ақ, меншік құқығын қорғау ретінде қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді, ал басқа жағдайларда-жарамсыз мәміленің салдары ретінде барлық жағдайлар ескереріліп қолданылады.
Реституция құқықты қорғаудың тәуелсіз тәсілі ретінде қолданылмайды, бірақ мәміленің жарамсыз болуының салдары ретінде қолданылады.
НҚ-ның10-тармағында мәміленің жарамсыздығының салдарын дұрыс қолдану үшін соттар мәміле тараптарын, тараптардың бірі мүлік иесі болып табыла ма, жарамсыз мәміле бойынша нақты қандай салдар туындағанын және АК қандай нормасын қолданылуы реттеледі.
Бұл норма белгілі бір жағдайда не қолданылатынын-виндикация немесе реституцияны анықтау үшін маңызды, өйткені реституцияны егер мәміле жарамсыз деп танылған тарап мүліктің иесі болса қолдануға болады, және мұндай жағдайда әр тарап бастапқы күйіне қайтарылады. Демек мәміле нысанасының иесі кім екенін анықтаған соң, жарамсыз мәміленің тарабы оның иесі болса ғана реституция қолданылуы керек.
Егер мүлік иесі жарамсыз мәміленің тарабы болмаса, онда жалпы ереже бойынша мәміленің жарамсыздығының салдары АК-нің 260-бабына сәйкес мүлікті басқа біреудің заңсыз иелігінен қайтарып алуға болады.
Осылайша, виндикацияны қолдану кезінде мұндай талап қою мүлік иесіне тиесілі және мүлік талап етлетін адамның иелігінде екенін талап қоюшы дәдедеуі керек. Мүлік болмаған жағдайда талап қоюшы басқа талап қоюға құқылы-келтірілген зиянды өтеуге және т.б.
Сонымен қатар мәміленің жарамсыздығының салдары ретінде виндикацияны қолдану кезінде келесі мән –жайларды ескерту қажет:
1.Виндикацияны талап ету құқығы мүліктік иесіне-мәміле нысанасына тиесілі. АК-нің 265 бабының мағынасында бұл құқық заңды иеленушіге тиесілі болуы мүмкін.
- Қайтару мүлік иесі жарамсыз мәміленің тарабы болған кезде қолданылады, әйтпесе жарамсыз мәміленің нәтижесінде виндикация қолданылады.
- Егер бірінші жарамсыз мәмілені аяқтау нәтижесінде даулы мүлікті жаңа сатып алушы қайтадан иеліктен шығарса келесі мәмілелер негізінде реституция емес виндикация қолданылады.
- Егер бірінші мәміле жарамсыз деп танылса, онда кейінгі мәмілелер олардың елеусіздігіне байланысты талапкердің өтініші бойынша жарамсыз деп танылады.
- Талапкерлер мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдану туралы талап арызда көрсетуі тиіс, егер мұндай талап көрсетілмесе істі дайындау сатысында мәміленің жарамсыздығының салдарын қолдануға қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
- Мәмілілердің жарамсыздығы нәтижесіндегі виндикация мәміле жарамсыз деп танылған жағдайда және АК-нің 263 бабында көзделген мән-жайлардың болуы кезінде қолданылады.
- Виндикациялық талапта баж салығы мүліктік талап ретінде төленуге жатады.
МАЭС судьясы М.Т.Алиева