Главная > Без рубрики > Қазақстан Республикасындағы отбасы саясаты

Қазақстан Республикасындағы отбасы саясаты

Отбасы – бірлесіп күн көретін, туыстық қатыныста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыда мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Отбасының маңызды сипаты — оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

Қазақтан бойынша мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастырудың әлеуметтік психологиялық мәселелерін нақты зерттеужұмыстары адам мен қоғам бар жерде жар сүю, жас ұрпақты толыққанды тәрбиелеу, әке, ана болу бақытына ие болу, қажеттіліктері алған жерде отбасы арқашан да қажет болғандығына байланысты, біздің барлық күш жігеріміз сол отбасын нығайтуға, оны тұрақтандыруға бағытталуы көзіміз жетеді.

Отбасы саясаты – ол өзара қарым-қатынастағы көптеген институттардың бірі ретінде отбасының арнайы мүддесін және отбасы рөлін басқа да әлеуметтік рөлдермен қатар орындайтын алып жүруші ретінде адамның арнайы мүддесін қорғайтын бүкіл әлеуметтік саясаттың бір бөлігі.

Мемлекеттің отбасы саясатының нәтижелілігі іс жүзінде, әдетте, жағдайы төмен отбасыларына заттай-қаржылық жәрдем беру, балалы аналар, өндірістегі әйелдерге көмек көрсету тағы да басқа сияқты,

Қазақстан Республикасының отбасы саясаты қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық негіздерінің құрылу сипаты бүгінгі таңда отбасынан сүйеніш-тірек іздеуге қазақстандық азаматты материалдық қажеттіліктер мен мүдделер, отбасылық ұйымдардағы бірлескен еңбек қана емес, сонымен бірге психологиялық себептер де бар: қоғамдық тұрақсыздық сезімі, жұмыссыздық алдындағы қорқыныш, әлеуметтік қорғансыздық сезімі, өмір, мүлікті сақтау қамы, қарым-қатынас, тілдесі өз жеке басының бағалығын сезіну. Бұл қажеттілік эмоционалды түрде көрініс табады.

Ғалымдардың пікірінше, қазақстандық отбасының қоғам мен мемлекеттің іс қайраткерлігі рөлі өте зор. Себебі, отбасы қазақстандық тұлғаның қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге адамның отбасы аясында да, одан тыс жерде де өзін-өзі жетілдіруге, өзін таныта білуіне де мүмкіндіктер туғызады, оның әлеуметтік, өндірістік және шығармашылық белсенділігін, ынталандырып отырады. Осыған байланысты, әрбір отбасы өзіне қажет деп тапқан көлемде бала өсіре алатындай жағдайларды тудыру Қазақстан Республиксы отбасы саясытының басты міндеті.

Отбасын әлеуметтік қолдау дегеніміз – отбасы және жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік экономикалық психологиялық жағдайларына көмектесу.

Тиімді мемлекеттің отбасы саясатын жүргізу арқылы отбасының экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, оның әлеуметтік жағдайын арттыру, оның тұлға мен қоғам арасындағы дәнекерлік рөлін нығайту

мақсатында жеңілдіктер мен артықшылықтар саясатынан кіріс пен несиелер саясатына өтуді жүзеге асыру қажет.

Қорытынды: «Әр адам іздегенін өзінен-өзі болғандай бірден табатын, ол қандай болса да, өзін отбасы бақытының бір бөлшегіндей сезінетін жерде ғана нағыз берік отбасы құрылады, ал отбасы бұл қоғамның болашағы»

 

Петропавл қалалық соты Жамалиева А.Х.