Құқықты мемлекет құру жолында Қазақстан Республикасы жаңа форматтағы сот жүйесін құру және дамытуды, олардың жауапты әлеуметтік рөлін күшейтуді мемлекет басшысы стратегиялық мақсат ретінде белгіледі.
Басты мақсаттар ретінде сот жүйесінің құқықтық-ұйымдастырушылық негізін құру, судьялардың корпусын және қаржылы қолдауды жетілдіру қойылды, осының барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретінде соттардың демократиялық қоғамдағы өзекті рөлінің сол кездің өзінде танылуын сипаттайды.
Сол жылдардан бастап жеке сот билігін құруға бағытталған көптеген маңызды өзгерістер орын алды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан соң реформалар жүргізу кезінде сот билігінің мәртебесі мен өзекті рөлі мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінде заңды түрде танылып, құқықты мемлекет талаптарына сәйкес келетін сот жүйесін құруға бағыт алынды. Біздің мемлекетте сот жүйесін құру кешенді сипаттағы ұйымдастырушы және құқықты шаралармен жүргізілді.
1995 жылдың 30 тамызында халық референдумында Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасы өзін мемлекеттік билікті заң шығарушы, сот билігі және атқару билігі деп бөлген Президенттік басқару формасындағы Республика ретінде бекітеді.
Конституцияның 7 бөлімінде соттардың жүйесі, судьялардың мәртебесі, сот төрелігін іске асыру принциптері бекітілген. Тәуелсіз қазақ елі құқықтық мемлекет құруды Ата заңында бекітіп, алдына осындай мақсат қойды. Құқықтық мемлекеттің маңызды элементі тәуелсіз және әділ, кәсіби сот органдары. Сот мемлекеттегі билік түрінің бірі болып табылады. Адамның құқықтары, бостандықтары, жеке өмір және жеке меншік тиіспеушілігі толық осы билік институты арқылы ғана қорғалуы мүмкін.
2000 жылғы 25 желтоқсанда «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңын қабылдау сот реформасының сатыларының негізгі кезеңі болды. Судьялардың өз қызметін жүзеге асыруға заңмен барлық кепілдік және жағдай жасалды. Осы заңда қазіргі мемлекеттің қажеттіліктеріне сай талаптар мен сот қызметінің негіздері белгіленді.
2002 жылы сот жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған мемлекеттік Құ¬қықтық саясат тұжырымдамасы қа¬был¬данды. Тұжырымдамада сот жүйесін же¬тіл¬дірудің, судьялардың тәуелсіздігін нығай¬тудың негізгі критерийлері тағы да айқындалды.
Сот жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында экономикалық, әкімшілік, ювеналдық (кәмелетке толмағандар істері бойынша) және басқа да арнаулы соттар институтын дамыту мәселесін қарастыру, сондай-ақ азаматтық-құқықтық дауларды шешудің балама әдістерін, мысалы, ара¬лық соттардың қызметін заңмен реттеу, оларды халықаралық стандарттарға жа¬қын¬дата отырып, қарастыру көзделді.
Бүгінгі таңда сот жүйесі өз қызметін жетілдіруде көптеген жетістіктерге жетті.
Соңғы жылдарда, күрделі реформалар нәтижесінде сот процестері тек аудиобейне тіркеу техникалық құралдарын қолдану арқылы ғана өткізілуде, осының нәтижісінде процессуалдық заңнама талаптары сотпен және де сот процесіне қатысушыларымен қатаң сақталуда. Аудиобейне тіркеу құралдарын сотта қолдану кезеңінен бастап судьялардың сот процесін жүргізу әрекеттеріне деген шағымдар тым азаюда.
Сот жүйесінде электрондық бағдарламалар дамыды, талап арызбен сотқа электрондық түрде жүгінуге болады.
Заңға өзгерістер енгізіліп, сот жүйесі бес сатылы жүйеден үш сатылы сот жүйесіне айналды.
Соттармен, бітімгершілік, медиация, партисипативті келісімдері деген тараптарды татуластыру рәсімдері белсенді түрде қолданулыда.
Атап өтетін болсақ, 2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысының соттарымен 26 216 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 11 790 іс шешім шығару арқылы қаралған.
Ағымдағы жылда, сот жүйесін әрі-қарай жетілдіру мақсатында шетел соттарының тәжірибесін, ұйымдастырылу мәселелерін зерттеу үшін сот өкілдері делегациясы жұмыс сапарымен шетелге барды.
Сот шешімін құрастыру жұмысын жетілдіру мақсатында Жоғарғы Сотпен «Сот шешімі туралы» нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Жоғарғы Сотпен сот жүйесін жетілдіру мақсатынада көптеген күрделі мәселелер қолға алынуда.
Судья Мустафин Б.Е