Главная > Новости > В стране > Соттық жүйенің қол жетімділігі мен ашықтығы

Соттық жүйенің қол жетімділігі мен ашықтығы

Халықтың сотқа деген сенімінің дәрежесіне ықпал ететін бір белгілі тұрақты фактор болып пайдаланушының сот қызметі сапасына қанағаттану дәрежесі болып есептелінеді.

Сот жүйесінің қол жетімділігі – тек қана сот шешімі немесе сот процессінің қол жетімділігі емес.

Қазіргі уақытта Петропавлдық қалалық соты халыққа қызмет көрсетудің жаңа стандартын еске ала отырып, тежеусіз «OpenSpace» әдісіне түгелдей көшті, «Үлгілі сот» жобасының аясында фронт-офис іске асырылды.

«OpenSpace» офис дегеніміз – қызметкерлердің қабырғасыз ашық кеңістікте қызмет орындарын ұйымдастыру. Бір қызметкердің қызмет аумағының көзге көрінгісіз қабырғасы болып аса биік емес шыныдан, ағаштан немесе пластиктен істелінген қоршау жасалынады.

Сот жұмысының жаңа жобасы бәрінен бұрын сот жүйесінің толық қол жетімділігіне, тиімділігі мен айқындылығына, ашықтығына, сонымен қатар келіп-кетушіге қолайлы жағдай жасау үшін бағытталған. Сотқа жүгінген адам өзіне керек мағлұматты тез және толық түрде алып, құжаттарды тапсырған соң, соттық процесстің қашан және қайда болатынын түсіне алатындай барлық жағдай жасалған.

Фронт-офис соттың бірінші қабатында орналасқан және қажетті оргтехникамен қамтамсыз етілген. Бұл жерде өтініш пен сотқа ізденуді тапсыру және оны құжаттау тәртібі туралы ақпаратты рәсімдеуге көмектесетін қызметтер, сотта қаралатын істер мен материалдарды қарау мен әрі қарай өрбу барысын қадағалау, соттық жиылыстардың өту мерзімі, кіріс құжаттар және өзіне-өзі қызмет етуге арналған ақпарттық орталық ұйымдастырылған.

Фронт-офисте келіп-кетушілер «Соттық кабинет», WI-Fi, гаджеттерге арналған зарядтық құрылғылар қызметтерін толық қанды пайдалана алады.

Сот өз қызметін айқындай отырып Қазақстан азаматтары ақиқат ақпарат алуы үшін конституциялық құқықтарын ғана іске асырып қоймайды, азаматтық қоғамды құруға қолдау жасайды, сонымен қатар сот өкілетінің беделін маңызды нығайтады, сот жұмысынынң сапасын арттырады. Барлық сотта және соттық сатыларда қылмыстық істерді қарау ашық түрде өтеді. Тек қана мемлекеттік құпияға қарсы болған жағдайда және заңды түрде сақтауға жататын істерді қарағанда сот шешімін жария ету оқшауландырылады.

Соттық қарау ашық болуға тиіс және заңмен тиым салынбаған жағдайда кез келген адам осы отырысқа қатысуға құқығы бар.

Әділ соттың ашықтығы – ол талапкерлер жақтардың және қызығу танытушы тұлғалардың жедел ақпараттануы.

Петропавл қалақ сотының бас маманы сот хатшысы   

Галия Ахмадиева