Главная > Без рубрики > Рухани жаңғыру аясындағы мемлекеттік тіл мәртебесі

Рухани жаңғыру аясындағы мемлекеттік тіл мәртебесі

Талай тарихи сыннан сүрінбей өтіп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан, ұлтымыздың қазақ екенін білдіретін, өте әдемі, құлаққа жағымды, бейнелі де көркем ана тіліміз бар. Еліміздің тәуелсіздік алғанына жиырма сегіз жыл, ал «Тіл туралы» заң қабылдағанымызға жиырма екі жыл уақыт өтсе де, қазақ тілінің қоғамдық қатынастарда, мемлекеттік қызметте қолдану мәртебесі әлі де болса тиісті деңгейге жете алмай отырғаны өкінішті.

Мемлекеттік тіл — мемлекеттің бүкіл аумағындағы қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын тілі болып танылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Қазақ тілі біздің – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз- оны барлық салада белсене пайдалана отырып дамыту, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»,- деп атап көрсеткен болатын.
Мемлекеттік тілді меңгеруге, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше барлық жағдай жасалғанымен, ана тіліміздің көленкеде қалғаны белгілі. Сарапшылардың пайымдауынша еліміздің тіл саясатының негізгі принциптерін, сондай-ақ сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының іс жүргізу құжаттарын дайындау кезінде тілдік қағидаттарды іске асыруды реттейтін құқықтық нормаларды қатан сақтау қажет. Яғни, сот құжаттарының мазмұны мен лингвистикалық ережелеріне зер салып, сот ісін жүргізу тілін білмейтін іске қатысышу адамдарды сапалы аудармамен қамтамасыз етуге ерекше назар аудару маңызды.
Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануды тиісті деңгейде жүргізіліп жатпағандығы да тансық жәйт емес. Бұл орайда сот ісін толық мемлекеттік тілде жүргізу жұмысының өзі тергеу органдары қызметкерлері мен адвокаттардың қазақ тілін жетік меңгеруімен сабақстасып жататыны түсінікті.
Мемлекеттік тілді қолдану мен жетілдіру әрі тілді еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласына енгізу қазақ тілінің рөлінің күшеюне ықпал етеді.
Бұл орайда Солтүстік – Қазақстан облыстық сотының базасында мемлекеттік тілді дамыту және оның мәртебесін көтеру мақсатында судьялар мен сот қызметкерлеріне біліктілікті арттыру семинарының сабақтарын ұйымдастыру қажет.
Ақын Мағжан Жұмабаев «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес» деп айтқан екен. Сондықтан ен қымбат қазынамыз – ана тілімізді бағалай билейік, оның елімізде басқа тілдерден мәртебесінің жоғары болуына, кейінге ұрпақтың санасынан өшіп қалмауына ат салысайық.